Майк Тайсонды шоу кезінде қарулы адам құшақтап алды

Сурет: Instagram/miketyson
Әйгілі кәсіпқой боксшы Майк Тайсон тағы бір жағымсыз оқиғаның кейіпкеріне айналды. Оқиға Голливудта боксшы қатысқан әзіл-сықақ концерті кезінде белгісіз ер адам мылтық алып шыққан кезде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аты аңызға айналған ауыр салмақтағы Майк Тайсон ғимарат төбесіндегі барда жолдастарымен күлкі кешін өткізіп, демалып отырған.

Біраз уақыттан кейін белгісіз ер адам барға кіріп, Темір Майкты төбелеске шақыра бастайды.

Шоу жүргізушісі ер адамнан кетуді өтінгенде, ол тапаншасын алып, жиналғандарды қорқыта бастайды.

Бұл көріністі тамашалаған Тайсон темірдей ұстамдылық танытты – ол орнынан қозғалмады. Ақырында, біраз әңгімеден кейін ер адам Майкқа жақындап, қолын қысып, спортшыны құшақтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты