Қатты жаңбыр, қар көшкіні және жел: елімізде дауылды ескерту жасалды

Сурет: pixabay
23 сәуірде Алматы тауларында, сонымен қатар еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 23-27 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде (2900 м-ден жоғары биікте) жылымық, тұрақсыз қар жамылғысына және күтілетін жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің жүру қаупі бар. Қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан қар басқан беткейлерге кіру ұсынылмайды. Тауда сақ болыңыз.

Атырау облысының оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Облыстың солтүстігін тұман басады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, облыстың шығысында, батысында жел екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде, күндіз орталықта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с. Қызылордада күндіз найзағай болады.

Қарағанды ​​облысының батысында күндіз найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады. Екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда күндіз солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев