Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасының нашарлайтыны болжанады

Алматы, ауа сапасы, ауа райы болжамы, 11 қазан, Орал, Астана, Атырау, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 09:08 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2026 жылғы 11 қазанда еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"11 қазанда Орал, Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: