Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Алматы, ауа сапасы, 4 қазан, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 09:12 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 қазанда еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"4 қазанда Алматы қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 4 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялап, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: