Алматы тауларында қатты жел тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі

Сурет: pixabay
23 сәуірде Алматы маңындағы тауларда дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай жарқылдап, екпінді жел тұратынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күндіз Алматы тауларында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін, - деп ескертті қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды.

Қырғыз Алатауында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Талас Алатауында да найзағай жарқылдап, дауыл тұрады деп күтіледі.

Тарбағатайда солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Алдында "Қазгидромет" РМК Алматы тауларында, сондай-ақ еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін