Атырау тұрғыны әскери броньды көлігін сатпақ болған

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау тұрғыны броньды барлау-патрульдік көлігін (БРДМ-2) сатпақ болған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 12 сәуірде полицияға жедел ақпарат келіп түскен, оны Атырау облыстық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексерген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған әскери көлік табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386 бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл әскери техниканы сатуға қатысты бірінші жағдай емес. 2021 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе тұрғыны БТР сатпақ болған. Оның айтуынша, ол 2000 жылдар шамасында белгісіз біреуден бронетранспортер сатып алып, жарамсыздығынан оны сатуға бел байлаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды