Бұл ел тұрғындарын барынша тезірек хабардар етіп отыру үшін қажет. Қазір жол құрылысы маусымы қарқынды жүріп жатыр. Қосымша арқылы қай жол учаскесінің жабық екендігін, жабық учаскені қандай балама, айналма жол арқылы айналып өтуге болатындығын білуге мүмкіндік бар.«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-ның баспасөз қызметі
Қосымша арқылы халықты жедел хабардар етіп отыру республикалық маңызы бар жолдардың ұлттық операторының 1403 байланыс орталығы жұмысына да оң септігін тигізеді. Мәселен, байланыс орталығының қызметкерлері автокөлік иегерлерінің басқа да сұраныстарын (мысалы, жолды күтіп ұстау, филиалдардың жұмысы, шағымдар және т.б.) одан да тезірек өңдейді.
Ауа-райы нашарлағанда әр минут маңызды. Қосымшамен бірлесе жұмыс істеу ең алдымен енгізілген шектеулер туралы дереу хабардар ету мүмкіндігін береді. Жедел ақпарат қосымшаны орнатқан әр адамның ұялы телефонында автоматты түрде болады. 1403 колл-орталығы өз жұмысын жалғастыра беретінін атап өткім келеді. «ҚазАвтоЖол» басшысы Мейірхат Қасымбаев
2022 жылдың қараша айының басынан наурыз айының соңына дейін республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа 700-ден астам рет шектеу енгізілді.