Жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 35 мың адамға өсті

Сурет: pexels
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында ел экономикасының әртүрлі саласында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істеген (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,1%-ы). Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,1 млн адам (23,9%).

Бюро мәліметінше, 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 35,2 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен (30,8 мың адам) өсті.

Толық жұмыспен қамтылғандар саны – 254 мың адам. Бұл – жұмыс берушінің бастамасымен жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты аз жұмыс істеген, икемді жұмыс уақыты бар және басқа да себептермен жұмыс істейтін жұмысшылар санаты.

Жұмыссыздар саны 453,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемейтін немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдардың саны (әлеуетті жұмыс күші) – 63,1 мың адам.Ұлттық статистика бюросы

Дегенмен 15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ды, жұмыс істемейтін және біліммен немесе оқытумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 6,7%-ды құрады.

Ресми түрде биылғы сәуір айының аяғында Еңбек министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 193 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл дегеніміз жұмыс күшінің 2,1%-ы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды