Нұр-Сұлтанда уақытша жол жабылды

Сурет: Zakon.kz
Елордада инженерлік желілер мен жол төсемін салу жұмысының басталуына байланысты Еңбекшілер көшесі мен Алаш тас жолы бойындағы жол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Еңбекшілер көшесі мен Алаш тас жолында инженерлік желілер мен жол төсемін салу жұмысын бастады, – делінген хабарламада.

Осы жылдың 13 мамырынан 1 шілдесіне дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Еңбекшілер көшесінің Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Сол сияқты 13-31 мамыр аралығында Алаш тас жолының Жолымбет көшесінен 191 көшеге дейінгі аралығында қозғалыс жартылай жабылды.

Ведомство атап өткендей, қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін