Қазақстанда коронавирусқа қарсы барлық карантиндік шаралар алынып тасталды - ДСМ

Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Осыған байланысты елімізде барлық карантиндік шаралар алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты.

Оның айтуынша, республика бойынша орта есеппен күніне 10 шақты КВИ жағдайы тіркеледі. Науқастардың 95%-дан астамы сауығып кетті.

Өздеріңіз білетіндей, өңіраралық комиссия отырысында шектеу шараларын жеңілдету мәселелері қаралды – бүгінде елімізде барлық карантиндік шаралар алынып тасталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы аптада әлемде COVID-19 ауруының көрсеткіші 12%-ға төмендеген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният

Айта кетейік, 17 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның үш облысында бір тәулікте коронавирус инфекциясының тек алты жаңа жағдайы анықталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады