Синоптиктер Қызылорда облысындағы құрғақшылыққа байланысты ескерту жариялады

Сурет: pixabay
Қызылорда облысының екі ауданында маусым айының басында қуаңшылықтың басталу қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері осы жылы алғаш рет қуаншылыққа байланысты алдын ала ескерту жариялап, өңір тұрғындарын сақтық шараларына шақырды.

Болжамға сәйкес, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК

Атмосфералық құрғақшылық - аптап ыстыққа әрі жауын-шашынның болмауына байланысты ауа ылғалдылығының қатты төмендеуінен болатын құрғақшылық түрі. Ол - қауіпті, себебі мұндайда өсімдіктер қурап, тез жойылады.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды