Президент – алманың пішінінде жасалған экспозицияға қолтаңбасын қалдырды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының символы – алманың пішінінде жасалған экспозицияға қолтаңбасын қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, Алматыдағы №187 мектептің 11-сынып оқушысы Михаил Шут президентке «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқыды.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Ботаникалық бақта өтіп жатқан «Алматы БалаFEST» мерекелік балалар фестиваліне қатысты. Шара президент жариялаған «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Сурет: akorda.kz

Ботаникалық баққа бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы балалар жиналды. Қала мектептерінің, гимназиялардың, интернаттардың 5 пен 17 жас аралығындағы 300 мыңнан астам оқушысы қабілетін, шеберлігін және дарынын көрсете отырып, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға қатысқан.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев синхронды шахматтың ашық сессиясында алғашқы жүрісін жасап берді.

Сурет: akorda.kz

Алматы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі