Екінші деңгейлі орденді Павлодар қаласының тұрғыны Юрий Барановқа танысы тапсырған, деп жазды turkystan.kz.
Оның айтуынша, орден жылдар бойы жалдамалы пәтердерде қораптың ішінде жатқан.
«Орден сегіз жыл бұрын маған берілді. Танысым марапаттың иесін анықтауды өтінді. Орденді қоқысқа тастауға дәтіміз бармады. Содан бері іздеп келемін. Әскери органдарға хабарласып едім, ешқандай ақпарат табылмады. Кейін іздестіру отрядына өтініш білдірдім де, көрсеттім. Аз уақыт ішінде ардагердің аты-жөнін тапты. Соғыс жауынгерінің алдындағы парызым орындалды деп ойлаймын», – дейді Юрий Баранов.
«Майдан жолы» жасағының мүшелері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, есеп карточкасының негізінде медальдің иесі майдангердің аты-жөнін анықтады.
«Орден иесі – Василий Кочетков. Жауынгер 1919 жылы Бакирияда туған. Соғысқа 1942 жылдың жазында Төменгі Авзян ауылынан шақырылған. КСРО Қорғаныс істері министрінің №84 жарлығымен 1985 жылы екінші деңгейлі орденімен марапатталды. Орденнің артында орден жасалған монеталық ауланың 4318173 номері бар. Мұрағаттық база арқылы соғыс жәдігері тиесілі ардагер де табылды», – дейді «Майдан жолы» жасағын командирінің орынбасары Асхат Мұқанов.
Айта кетсек, енді жасақ өкілдері Отан үшін отқа түскен жауынгердің туыстарын іздестіріп жатыр. Кейін марапат ұрпақтарына табысталады. Еске сала кетсек, алдағы күндері іздестірушілер Беларусь еліне кезекті экспедицияға аттанады. Басты мақсат – сол елді жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан қазақ сарбаздарына ескерткіш орнатып, іздеу шараларын жүргізбекші.