Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 12 аймағындағы 8 089 референдум учаскесі жұмысын аяқтап, аумақтық референдум комиссиясының мүшелері дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның 10 шет елдегі елшіліктері жанынан ашылған 17 сайлау учаскесінде де дауыс беру аяқталып қалды. Уақыт айырмашылығына байланысты еліміздің бес өңірінде, атап айтқанда, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы 1858 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 21:00-де аяқталады, сондай-ақ шетелдегі 48 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

Жалпы республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылды. Оның ішінде 52 мемлекетте 65 учаске жұмыс істеді.

Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, республика бойынша 7 624 641 адам бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 65,04 пайызы.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады