Өскеменде кене энцефалитіне тағы бір адам шалдықты

Сурет: pixabay
Өскеменде тағы бір адам кене энцефалитіне шалдықты. Ол зиянкес шаққан соң дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір денсаулығы жақсы, ем-дом алып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге қаралуды ескертеді. Өйткені жәндік тістеген соң қанға вирус түссе, адам мүгедек болып қалуы ықтимал. Ал кене энцефалитіне шалдыққан адамның бастапқыда басы айналып, лоқсып, қызуы көтерілуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы, шығыста биылдың өзінде 2 мыңдай адамды кене шаққан. Оның 30 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Дегенмен мамандардың айтуынша өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны биыл әлдеқайда аз. Кене энцефалитіне шалдыққан екі науқас та дәрігерлердің бақылауында.

Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен, оларға профилактикалық мақсатта кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ. Науқастар қазіргі уақытта арнайы ем қабылдауда. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Бағлан Тауанова, облыстық Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді