Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігінің тұрып қалу себебі анықталды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігінің тұрып қалу себебі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 14:54 Сурет: Маңғыстау облысы бойынша МКД
Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбекстан учаскесіндегі "Тәжен" өткізу пунктінде ҚР-дан тыс жерлерге шығуға 400-ден астам жүк көлігінің ұзын-сонар кезегі пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 25 қарашада кезектің басты себебі Өзбекстан Республикасында "Дәуіт-Ата – Қоңырат" (400 км) автомобиль жолының ашылуы екенін анықтады.

"Бұдан өзге, қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пунктінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде", — деп толықтырды ведомство.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігінің тұрып қалу себебі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 14:54

Сурет: Маңғыстау облысы бойынша МКД

Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша МКД Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұзақ күтпеу үшін тауарларды тасымалдаудың балама бағыттарын таңдауды немесе тауарларды жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынады.

Маңғыстау облысы бойынша МКД тарапынан кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданды.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігінің тұрып қалу себебі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 14:54

Сурет: Маңғыстау облысы бойынша МКД

Бұған дейін 25 мыңға жуық алматылықтың орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылатыны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: