Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан-Ресей шекарасындағы жүк көліктері кептелісіне қатысты түсініктеме берілді

Жү көліктері, кептеліс, Ақтөбе облысы, Жайсан өткізу пункті, Ресей, шекара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2024 10:52 Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе облысындағы "Жайсан" өткізу пунктінің алдында Ресей Федерациясы бағытынан ағылған жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны туралы БАҚ-тарда ақпарат жарияланды. Аталған жайтқа қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 4 қазанда кешкісін "Жайсан" өткізу пунктінде жүк автокөліктерінің кептелісі байқалмайтынын, өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын нақтылап, ақпарат таратты. 

"Күні бойы Ресей Федерациясына шекарадан өтуді күткен жүк автокөліктерінің саны 50-ден аспады. Тәулігіне орта есеппен "Жайсан" өткізу пункті арқылы 1,6 мыңнан астам жүк және жеңіл автокөліктер өтеді. Шекараның қазақстандық жағында "Жайса"» өткізу пунктінде әр бағытта 4 жол белдеуі, Ресей жағында "Сагарчин" өткізу пунктінде бір жол белдеуі жұмыс істейтінін атап өту қажет", делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жұмыс штаттық режимде жүргізіледі, өткізу пунктінде барлық құжаттарды тіркеу терезелерінің жұмысы қамтамасыз етіледі, 4 қызметкер тұрақты негізінде жұмыс атқарады, өткізу пункті шегінде жүргізушілер мен автокөліктердің кептелісі жоқ. 

Айта кетсек, КТК телеарнасына жүк көліктерінің жүргізушілері хабарласып, "Жайсандағы" кептеліс мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің кесірінен орын алғанын, өйткені ол арада тек бір терезе жұмыс істеп жатқанын, салдарынан жүк көліктері 1,5-2 күнге дейін шекарада қалып қойып жатқанын айтқан. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: