Жаңалықтар тізбегі
0

Шекарада жүк көліктерінің тұрып қалғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берілді

Нұр жолы, кеден бекеті, шекара, Қазақстан, Қытай, жүк көліктері, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 20:56 Сурет: gov.kz
Кейбір БАҚ беттерінде "Нұр Жолы" кеден бекетінде жүк көліктерінің екі аптаға жуық тұрып қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жарияланған ақпаратта "қазақстандық азаматтардың тауарлары тиелген ондаған автокөлік құралдары Қытаймен арадағы шекарада – "Нұр Жолы" кеден бекетінде 11 күннен астам уақыт бойы тұр" делінген. Бұл ретте мынаны айта кеткіміз келеді. Бүгінгі таңда жүк көліктерінің жиналуына жол бермеу үшін бүкіл сыртқы шекарада "CarGoRuqsat" электронды кезегі сәтті жұмыс істеуде. Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитеті "Нұр Жолы" кеден бекетінде көлік құралдарының жиналуы жоқ екенін хабарлайды", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында "Нұр Жолы" кеден бекеті тәулік бойы жұмыс режиміне көшкенін еске салады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-мен арадағы бүкіл шекарада автокөлік құралдарының жиналуы жоқ екенін, барлық кеден бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және алу мақсатында, дұрыс емес декларациялау тәуекелдеріне күдік болған жағдайда, кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты бақылауды жүзеге асыруға міндетті. 


"Бақылау шараларының бірі көлік құралдарында ілеспе құжаттарда мәлімделмеген тауарлардың болу тәуекелдері болған жағдайда тағайындалатын және кезектілік тәртібімен жүзеге асырылатын тексеру болып табылады". ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: