Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстан" шахтасына өрт қою ықтималдылығы туралы ақпаратқа қатысты полиция түсінік берді

Шахта, Қазақстан, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 22:35 Сурет: freepik
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі "Қазақстан" шахтасына өрт қою туралы бірқатар БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған қайғылы оқиғаларға байланысты өңірлік полиция департаменті тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бірден қолға алғаны нақтыланады.

Қылмыстық істі тергеу үшін осы санаттағы істерді тергеу тәжірибесі бар қызметкерлер қатарынан тергеу тобы құрылды. Тергеудің объективтілігін қадағалауды жүзеге асыру үшін іс жүргізу прокуроры тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің төрағалығымен жазатайым оқиғаның себептерін тергеу және оның салдарын жою үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оған мамандар, оның ішінде шет мемлекеттердің бейінді зерттеу орталықтарының сарапшылары тартылды.

"Комиссия қорытындысы шыққанға дейін кез келген болжамды алға тарту орынсыз әрі объективті тергеу барысына араласу ретінде бағаланады, өйткені шахта мен онда орнатылған жабдықтар зерттелмеген, өрт салдарын жою бойынша жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында. 

Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және қылмыстық істі объективті тергеуге кедергі келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз.

"Азаматтардан қауесеттер мен арандатуларға бой ұрмауға, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз".  Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

17 тамызда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты "Қазақстан" шахтасында өрт болды: конвейерлік таспа өртенді. Оқиға орын алғанда шахтада 227 адам болған, олардың 222-сі жер бетіне шығарылды. Тағы бес кенші жер астында қалып кетіп, мерт болды. 

Бұған дейін "Қазақстан" шахтасында соңғы тексеру барысында қанша бұзушылық анықталғаны белгілі болды.

Кейін ТЖМ басшысы шахтадағы өртті сөндіру неге ұзаққа созылғанын түсіндірді.

Сондай-ақ, өрттің себептерін тергеуге шетелдік сарапшылар тартылатыны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: