ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Cурет: gov.kz
ҰҚК әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттері жабылды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті барлық қазақстандық бақылау-өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Ведомство ресейлік тараптан өткізу пункттерінің жабылғаны туралы ресми ақпарат болмағанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript