Тараздағы атыс-шабыс туралы видеоға қатысты ҰҚК түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 19:38 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тарап жатқан қарулы адамдар мен атыс-шабыс туралы видеоға қатысты ҚР ҰҚК түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны желіде блогер Азамат Сәрсенбаев бөліскен.

Әлеуметтік желілерде таралған қарулы адамдар мен атыс туралы видео 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолдана отырып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы органның мәліметінше, қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: