Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілерге төленетін төлемге қатысты түсінік берді

Төлем, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 18:16 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығуға қатысқан әскери міндеттілерге төленетін төлемдерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 4-16 сәуір аралығында Қазақстанда «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуға қатысу үшін тоғыз облыстан әскери міндеттілер әскери жиындарға шақырылды.

Маңғыстау облысы әкімінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі №48 «Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасына 100 адам шақырылды.

Құзырлы ведомстваның мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар жиындар кезінде әскери міндеттілерді әскери киіммен және тамақпен, медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Жергілікті атқарушы органдар оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төлейді. ҚР Қорғаныс министрлігі

Айта кетсек, Маңғыстауда 12 күнге оқу-жаттығуға шақырылған әскери міндеттілердің кейбірі өздеріне уәде етілген төлемнің төленбей жатқанына шағымданған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: