Алматыдағы әскери техника: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2022 19:25 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алматы тұрғындары қалада жүрген әскери техниканы байқады. Қауесеттер мен алып-қашпа сөздерді болдырмас үшін Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласында әскери техниканың жүріп-тұруы Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізумен байланысты, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Осыған байланысты сәуір айы бойында еліміз бойынша қарулы күштер мен құралдардың қозғалысы орын алатыны ескертіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: