Қорғаныс министрлігі "РФ-ға әскери техника жөнелту" жайлы ақпаратқа қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 20:58 Сурет: Zakon.kz
ҚР Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Ресейге әскери техникалар жөнелте бастады" деген дақпыртты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы StopFake хабарлайды.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде 2023 жылы 6 сәуірде Қарағанды облысында әскери техниканы тиеп әкетіп бара жатқан ауыр жүк көліктері түсірілген видео тарады. Видео авторы оларды Ресейге жөнелту үшін әкетіп бара жатыр деп топшылайды. 


Сурет: stopfake.kz


Бұл долбарды ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерде таралған видеода көрсетілген техника жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы оқу-жаттығулардан кері қайтарылуда. Айта кетсек, 2022 жылы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған", – деп хабарлады ведомстводан.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: