Қорғаныс министрлігі Алматыдан аттанатын әскери техника колоннасына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі 8 сәуірде әскери техниканың орналасқан орнын алмастыруы бойынша алдын ала ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл арада алда өтетін оқу-жаттығу іс-шаралары туралы сөз болып отыр.
"2024 жылы 9 сәуірде Алматыдан Қарағанды облысының "Сарышаған" әскери полигоны бағытына қарай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттарының жоспарлы практикалық сабақтарын өткізу үшін әскери техника колоннасы аттанады. Оқу-жаттығу іс-шаралары аяқталғаннан кейін жеке құрам мен техника қайтадан тұрақты орналасу мекеніне оралатын болады", делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстандықтардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан сыбыс пен қауесеттерге бой алдырмау, тек ресми ақпарат көздеріне сену сұралады.
Қорғаныс министрлігі 2024 жылдың наурыз айында да осындай мәлімдеме жасаған болатын. Ол кезде әскери техника колоннасы Астана маңында шоғырланған еді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript