Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратқа түсінік берді

Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратқа түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2024 16:42 Сурет: unsplash
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС (қосылған құн салығы) үшін өтемақы енгізгені туралы ақпарат тарап жатыр, ведомство бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек министрлігі мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарға мұндай сілтемеге өтпеуді ескертті.

"Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: