ҚР Еңбек министрлігі ҚҚС төлемдерін енгізу туралы қауесетті жоққа шығарды

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 11:12 Сурет: Zakon.kz
Еңбек министрлігі ҚҚС төлемдерін енгізу туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат жалған болып шықты.

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "ҚҚС төлемін" енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарға тек ресми көздердегі ақпаратқа сену керегін ескертті.

Бұған дейін, қыркүйек айында Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Хабарламада зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтардың 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар екені айтылған. Еңбек министрлігі бұл ақпараттың да өтірік екенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: