Еңбек министрлігі "Светлый путь" бағдарламасы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Еңбек министрлігі "Светлый путь" бағдарламасы туралы ақпаратты жоққа шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 18:00 Сурет: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған "Светлый путь" бағдарламасы туралы тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Бейтаныс адамдар deepfake технологиясын қолданып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инфлюенсерлермен бірлесіп "Светлый путь" бағдарламасын іске қосты деген жалған мәлімет берілген бейнеролик жариялап жатыр. Онда бұл бағдарлама азаматтарға пайда табуға және олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді деп көрсетілген". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Министрлік Deepfake технологиясы жасанды интеллект көмегімен фото, аудио немесе бейнематериалда бір адамның бет-бейнесін екінші адамның түріне ауыстырып, синтетикалық контент жасауға мүмкіндік беретінін еске салды.

"Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, тексерілмеген дереккөздерден келген бейне және аудиожазбаларға сенбеуіңізді, оларды таратпауыңызды, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз. Бұл – жеке деректеріңіздің алаяқтардың қолына түсу қаупін болдырмау үшін маңызды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: