Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақы мөлшері жайлы айтып берді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 09:04 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы қолданыстағы зейнетақы мөлшері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарға сүйенсек, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 524 мың адам.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге. Бұдан бұрын, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 868 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 252,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 615,6 млрд теңге қарастырылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 2025 жылдың басынан бастап қанша азамат жүргізуші куәлігін алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: