Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Қорғаныс министрлігі Otokar компаниясымен келісімшарт жасасқаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Қорғаныс министрлігі, Otokar компаниясы, бронды техника, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2023 09:40 Сурет: otokar.com
ҚР Қорғаныс министрлігі Otokar компаниясымен бронды техниканы сатып алуға келісімшарт жасасқаны туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарлама министрліктің Telegram-каналында жарияланды:

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен түріктің Otokar компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техниканы сатып алуға келісім жасалғаны туралы әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда түрік тарапымен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ".ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Otokar компаниясы бронды техника өндірушілерінің бірі ғана екенін, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралатынын атап өтті. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі бұған дейін хабарлаған еді.

"Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады".ҚР Қорғаныс министрлігі

Ведомсвто өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта "бұл компанияның 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтардан өткізілуде, соның нәтижелері бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалады".

"Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне жауап береді және қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі үлгілеріне қажеттілікке ие. Бұл ретте қорғаныс ведомствосы  үлгілерді таңдау кезінде отандық және халықаралық сарапшылар мойындаған өнім сапасына басымдық береді",  – делінген хабарламада.

Сондықтан Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде таралатын әртүрлі жалған ақпараттарға сүйенбей, тек тексерілген, ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: