Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді

фейк Сурет: видео скрині
Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыстың салдары түсірілген видео тарап жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген.

Ал кадр сыртындағы адамның айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр.

ІІМ-нің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.

"Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз