Алматы хайуанаттар бағы зоомектепке шақырады

Сурет: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағы мектеп оқушыларының жазғы каникулын ерекше өткізуге үлес қоспақ. Бақ қызметкерлері қала оқушыларын зоомектепке шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хайуанаттар бағы зоомектепке 9-15 жас аралығындағы оқушыларды қабылдайды.

Зоомектепте балалар жануарлар әлемімен танысып, жануарларға қалай дұрыс қарау керек екенін, олармен тіл табысуды үйренеді. Біздің сабақтарымызға қатысқан балалар қоршаған ортаға ерекше қамқорлық танытып, басқаша көзқарас қалыптастырады, – делінген Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.

Бақ қызметкерлері орын саны шектеулі екенін айтты. Толығырақ Алматы хайуанаттар бағына хабарласып, білуге болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда