Жаңа облыстар: салық төлеушілер салық органдарында қайта тіркелуі қажет пе

Жаңа облыстардың салық төлеушілеріне салық органдарында қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілердің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы №159 бұйрығына өзгерістер күшіне енген соң, мемлекеттік кірістер органдарының жаңартылған кодтары https://kgd.gov.kz интернет порталында жарияланады.

Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: