Жаңалықтар тізбегі
0

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ашық дерек көздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 23:12 Ашық дерек көздерден алынды
Қайрат Нұртас Уәлибек Әбдірайымовты екі мәрте "қатырған".

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртас пен оның продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбековаға өкпесі қара қазандай екен. Бұл туралы актер "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұқбат кезінде Уәлибек Әбдірайымовқа "Қайрат Нұртас Сіз шақырған концертке келмей, көңіліңізді қатты қалдырыпты" деген ел арасында сөз бар. Бұл рас па" деген сұрақ қойылды.

Өз кезегінде театр басшысы Қайрат Нұртасты ешқашан өз концертіне шақырмағанын атап өтті. Бірақ араларында сондай бір ыңғайсыз жайттың болғанын жасырмаған ол, оны бүге-шегесіне дейін қалдырмай сұқбат барысында айтып берді.

"Қайратты мен ешқашан концертіме өз басым шақырған емеспін. Қайраттың оған келуге де уақыты жоқ. Дегенмен кезінде ЭКСПО деген елімізде керемет халықаралық көрме өтті емес пе? Мен сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының атынан сол көрмеге сыйлық болсын деп, театрымызды - "Шаншарды" шығарамын дедім ол араға. Сол кезде Оңтүстік Қазақстаннан шыққан өнер жұлдыздарының концерті ЭКСПО-ның ішінде өтетін болды. Соны ұйымдастыруға көмектескенмін. Енді әншілердің көбісін танимын ғой, бәрін шетінен шақыра бастадым. Облыстан кішкене қаражат бөлінген, бірақ бәріне бірдей жете бермейді. Алтынайды, Сейфуллинді шақырдық, келетін болды. Сөйтіп жатқанда әкімшіліктен звандады да: "Қайрат Нұртас қатысса дұрыс болар еді, ставкасын білесіз, соны жартысына түсіріп берсеңіз", - деді. Оның ставкасын бәрін біледі ғой қазір, кішкене балаға дейін. Облыс әкімшілігі қолқалаған соң, жоқ демедім. Гүлекеңе телефон соқтым. Продюссері сол кісі ғой.

- Ол өзі ЭКСПО кезінде бөлек концерт өткізеді, - деді.

- Бөлек өткізе берсін, онда шатағымыз жоқ, тек өңір бойынша өткізілетін концертке қатысып, бір-екі өлеңін айтса болды. Бұлардың ауызбіршілігі бар екен, Қайрат та жүр ішінде десін. Әне шығыстың концертінде Роза Рымбаеваның өзі де жүр, - дедім. "Жарайды, көрейік" деп қалған. Сол екі аралықта облыстан звандап жатыр: "Не болды, Қайрат қатыса ма, афиша шығаруымыз керек, рекламасы жүруі керек" деп. Содан 3-4 күннен соң Гүлекеңе хабарластым. Ал ол болса: "Уәке, ренжімеңіз, біз қатыса алмаймыз, тапсырыс алып қойып едік", - деді. "Жарайды, бопты" деп осымен іс бітті емес пе? Сөйтсем бітпепті.

ЭКСПО-дағы облыс концерті таққағанда мәдениет бөлімінің жігіттері келіп, мені түртеді: "Қара, болмайды деп едіңіз ғой, әне Қайрат жүр", - дейді. Расында, келмеймін деген Қайрат ана арада "шауып" жүр. Сөйтсем тендер ала алмай, жалпы әкімшілікке күні түсіп жүретін жігіттер болады ғой, соларға тапсырма берген басшылық. Ақыры біреуі көндірген ғой оны. Содан Нұртастың өзіне қоңырау шалдым. Сөйтсе әйеліне айтқан болуы керек, ол бірнәрсені ват-саппен жіберіпті. ЭКСПО-дағы концертке мен үшін барған секілді сөйлеп тұр ғой ана арада. Неге өтірік айтады, мен ақымақ емеспін ғой. "Бас тарта алмайтын болдық" деп шынын айтса, оның басын кесіп алмаймын ғой.

Не керек сондайдың?.., - дейді бір әңгіменің шетін қайырған театр басшысы.

Одан кейін Уәлибек Әбдірайымов Қайратқа тағы бір мәрте қолқа салған екен. Бұл жолы оны "Шаншар" театрының 25 жылдық мерейтой концертіне қатысуға шақырған.

Оқи отырыңыз: "Бұлай болмайды!". Жүсіп Ақшора қазақ тойына реформа жасауды ұсынды

- Біздің театр кәсіби сахна ретінде алғаш әншілердің тұсауын кесті дегенді растау үшін бәрін шығардық қайтадан сахнаға. Сәкен Майғазиев келді баласын көтеріп, МузАРТ - бәрі жүр. Жұбаныш, Заттыбек, көп осындай. Тайлы-тұяғы қалмай бәрі келді. Енді ішінде Қайрат та бар емес пе?..

Қайрат ол кезде 10-11 сыныпта оқитын бала. Анасы базарда істейді. Сол жүгірді. "Балам Шаншарға шықсыншы" деп мені қолқалады. "Шаншардың" билетін базарда зыр жүгіріп сатып, өткізіп берді. Ол кезде билет онша өтпейтін. Қазір ғой аншлаг. Иә, алғашында біздің театрды жағалап, Қайрат шығып жүрді сахнаға. Бір күні 10 бітіргенде Қайрат Досымжан Таңатаровтың "Құралай" деген әнін жазып алып келіпті. Содан айттым өзіне: "Сені бір рет шығардым. Ал енді шығаратын болсам өз репертуарыңдағы әнмен шығасың, әйтпесе шықпайсың" дедім. Содан ол өз репертуарына кірісті де "жұлдыз" болды ғой.

Сөйтіп Нұрекеңе (Қайраттың әкесі) телефон соқтым. Екеуіміз жақсы сөйлесеміз, негізі. "Алты ай бұрын айтып жатырмын. Желтоқсанның 16 мен 22-сі, Алматы мен Астанадағы концертке қаттыссын, кәсіби сахнасын Шаншардан бастаған әнші ретінде" деп айттым өзіне. "Білеміз, үнемі айтып жүреміз, барамыз" деп бәйек болды. Содан оны афишаға қостырдым. Мерейтой жақындағанда оның админстраторы звандайды: "Ол бара алмайды, ренжімеңіздерші" деп. Енді бұл жолы шындап ашуландым.

Тағы да: Туканың Шымкенттегі пентхаусын көрген жігіт таң қалды

Содан қорған салып алса да қорған бұзатын жігіттерді ертіп барып, Нұртастың жанына әйелі мен баласын шақырып алып, отырғызып: "Заман бұзылса әйелі билейді деуші еді" деп әңгіме бастасам ба деп оқталғанмын, бірақ қасымдағылар, әсіресе Жүкеңдер мені әупірімдеп тоқтатты. Сабырға шақырды. Қайтесің оны деп. Сабама түскен соң: "Расында, қойшы" деп қолымды бір сілтедім.

Иә, қазір уәде Құдай сөзі дегенді ұмытқан қазақтар. Әсіресе, шоу-бизнесте. Бұл арада бәрін таза ақша, содан соң ақшасы бар әйелдер шешеді", - дейді ол.

Бұл да бар: "Былай жетеді саған!". Уәлибек Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовқа өз ақылын айтты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: