БҰҰ Бас хатшысы адамзаттың тең жартысына төніп тұрған қауіп туралы айтты

Сурет: pixabay
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Жер шары халқының жартысына жуығы климаттың өзгеруіне байланысты қауіп-қатермен бетпе-бет келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол австриялық әлемдік саммитке қатысушылар алдындағы үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .

Оның айтуынша, климатқа байланысты дағдарыстың ең нашар салдарының өзін мүмкіндігінше тезірек болдырмаудың жолын қарастыру керек. Гутерриш біздің планетамыздың 1,2 градусқа жылынғанын атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы баршаны белгіленген шекті 1,5 градустан асырмас үшін және ғасырдың ортасына қарай ауаға бөлінетін зиянды қалдықтардың нөлдік деңгейіне жету үшін оны 2030 жылға қарай 45% төмендетуге шақырды.

БҰҰ Бас хатшысының мәліметінше, 2021 жылы энергетикалық саладағы CO2 зиянды қалдықтары 6%-ға өсті. Осы онжылдықтың қорытындысы бойынша ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемі 14%-ға артады.

Көптеген елдің билігі уақытты созып жатқанда, әрекетсіздік ауыр зардаптарға әкеліп жатыр. Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде сезіліп қалуда және адамзаттың жартысына жуығы қауіпті аймаққа түсіп отыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін