Жамбыл облысында үш күнде іздеуде жүрген 16 адам ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 19:41 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жамбыл облысында өткен "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде іздеуде жүрген 16 адам ұсталды. Тағы 262 адам тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау немесе тарату деректері бойынша қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш күнге созылған іс-шара барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде 1571 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың – 24, қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 21, көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырудың 21 дерегі тіркелді.

Бұдан бөлек, 468 азамат тіркеусіз тұрғаны немесе жеке басын куәландыратын құжаттары болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен тағы 150 адам жазаланды.

Көші-қон заңнамасының сақталуы да назардан тыс қалмады. Полиция шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жасаған 71 құқық бұзушылықты анықтады. Тексеру нәтижесінде 31 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды.

Полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жұмыстарын жалғастырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: