Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 11:53 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында өтіп жатқан "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық қорғау органдары аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматын анықтап, қолға түсірді.

Күдікті өңірдегі өнеркәсіптік нысандардың бірінде ұсталды.

Қазіргі таңда аталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оны іздестіруге бастамашы болған мемлекетке экстрадициялау рәсімдері жүргізілуде.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру нәтижесінде үш күн ішінде 262 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 175-і – шетел азаматтары, 87-сі – Қазақстан азаматтары.

Сонымен қатар 13 шетелдік ел аумағынан шығарылды, ал 5 іс азаматтық сот өндірісі тәртібімен қарауға жолданды.

Полиция қызметкерлері мұндай іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: