Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 09:30 Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысында өтіп жатқан "Нелегал-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында халықаралық іздеуде жүрген адамдар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті 2026 жылғы 7 қазанда хабарлағандай, тәртіп сақшылары екі күн ішінде 254 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 88 шетелдік Қазақстаннан шығарылды.

"Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шара барысында халықаралық іздеуде жүрген бес шетел азаматы анықталды", – деп толықтырды полиция департаменті.

Шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларын бұзғаны үшін 57 қазақстандық та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде жүргенін тексеру, көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу", – деп мәлімдеді ведомство.

"Нелегал-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы 2026 жылғы 10 қазанға дейін жалғасады.

Ал Жамбыл облысының Сарысу ауданында полицейлер мал ұрлығына қатысы бар үш адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: