ШҚО-да іздеуде жүрген сотталушы қолға түсті
Фото: Zakon.kz
Тәртіп сақшыларын алдау үшін ол өзін басқа адам ретінде таныстырған.
Анықталғандай, ол биыл шілденің ортасында колониядан босап шыққан. Сот шешімімен оның бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеу жазасымен алмастырылған. Дегенмен, ер адам пробация қызметіне тіркелуге келмей, заң талабын орындамаған.
Осыған байланысты тамыз айының соңында Глубокое аудандық соты оған іздеу жариялаған.
Полицейлер оның мекенжайын анықтап, ұстау кезінде шын есімін жасырып, жалған ат қолданғанымен, әрекеті сәтсіз аяқталды. Пробация қызметі мен полиция қызметкерлері оның тұлғасын жылдам анықтап үлгерді.
Аудандық полиция бөлімінде жауап алу барысында азамат өзінің іздеуде жүргенін растады.
Қазіргі таңда пробация қызметі істі сотқа жолдау үшін материалдарды жинақтап жатыр. Сот шешіміне сәйкес, ер адам жазасының өтелмеген бөлігін қайтадан қапаста өткізуі мүмкін.