Оралда полицейлер есірткі өсірген күдіктіні қолға түсірді

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, сотрудник полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 14:48 Фото: Zakon.kz
Оралда "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында гаражының жертөлесінде заңсыз фитозертхана жабдықтаған қала тұрғыны ұсталды.

Қаланың гараж кооперативтерінің бірінде есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды. 1984 жылы туған азаматқа тиесілі гараждан шамдармен жабдықталған және жылуды сақтау үшін арнайы қапталған фитозертхана табылды.

Полицейлер жедел іс-шара барысында аталған жертөледе 5 түп қарасора өсімдігі заңсыз өсірілгенін анықтады.

Күдіктінің айтуынша, ол есірткінің тұқымдарын интернет-дүкен арқылы сатып алған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнынан 5 түп қарасора өсімдігі, ерекше иісі бар, сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған түйіншек, 2 дана жарық шам, 5 ыдыс тыңайтқыш тәркіленді.

Полиция есірткі шөптерін заңсыз өсірумен байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: