Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген мыңға жуық жасөспірім анықталды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 14:09 Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. 10 күн ішінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап немесе алып жүрген 16 азаматты және 14 заңсыз жүрген мигрантты ұстады.

84 қылмыс ашылды. Барлығы 10313 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 2298 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 592 фактісі, алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 629 тұрғын жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 289 бұзушы жауапқа тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде болған 955 кәмелетке толмаған анықталды.

Рейдтер барысында 34 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген, ал 10 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. 1220 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін, 3349 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айып тұрағына 286 көлік қойылды. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіп пен жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: