Өзбектің гимнаст қызы ұртоқпақ еркекті қалай орнына қоюға болатынын көрсетті

Сурет: instagram/_littos
Өзбектің гимнаст қызы Асал Сапарбаева ұртоқпақ ер адамды қалай орнына қоюға болатынын көрсетті. Бұған той үстінде мұқым қонақтардың көзінше күйеу жігіттің ойын барысында өзін жеңіп кеткен қалыңдығын ұрып жіберген желідегі видео түрткі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол 15 күнге дейін қамауға алынады немесе айыппұл төлейді.

Желі қолданушылары гимнаст қызды қолдап, оның тапқырлығына тәнті болғандарын жарыса жазды.

Асал Сапарбаева "Келін-суперқаһарман" образындағы түрлі айла-амалдары мен вайндары арқылы әлеуметтік желіде кеңінен танымалдылыққа ие. Бала кезінен ол жеңіл атлетикамен айналысып, оған 16 жылын арнады. Ол - Өзбекстанның ғана емес, сонымен қатар Орта және Оңтүстік Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындары мен Әлем кубогының жүлдегері.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды