Министр Қазақстан халқы мен БАҚ тарапынан айтылатын сынның негізгі себебін атады

Сурет: pixabay
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, қазір мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша үкімет қызметіне қоғамның қызығушылығы артып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысында министрлік басшысы ведомствоның ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру үшін БАҚ-қа мониторинг жүргізіп жатқанын еске салды.

Азаматтардың белгілі бір өзекті мәселелер бойынша жазған пікірі көбіне қарама-қарсы сипатта болады. Қоғам мен БАҚ тарапынан сынның орын алуына мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарының кеңінен түсіндіруге жататын тақырыптар бойынша толық емес ақпарат беруі себеп болып отыр.Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров

Оның айтуынша, тағы бір себеп - жеке, заңды тұлғалар мен БАҚ өкілдерінің ресми сауалдарына жауап беруде егжей-тегжейлі және толық ақпараттың жоқтығы, БАҚ өкілдеріне сұрақтарды түсіндіру үшін жеткіліксіз білікті спикерлердің берілуі.

Министр бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жүргізіліп жатқанын, консультативтік құжат жобасы әзірленіп жатқанын, жол картасы бекітілгенін айтты.

Сонымен қатар кадр әлеуетін жақсартуға көңіл бөлінді, БАҚ мамандарын даярлау жоспары әзірленді және бекітілді. Түрлі саладағы тар салада маманданған салалық журналистерді дайындау үшін университеттермен меморандумдар жасалды, мультимедиялық және білім беру ақпараттық платформасы іске қосылды, 4 мыңнан астам журналист оқу курстарынан өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін