Олжас Бектенов: Ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауға тиіс

Олжас Бектенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 11:28 Фото: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 14 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету тәртібіндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындарды қайта қарау бюджет шығыстарын қысқарту жұмысының маңызды бөлігі екенін атап өтті.

"Қазір әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде ауқымды реформа жүргізіп жатырмыз. Ақыры адамның қай санатқа жататынына емес, көмекке қаншалықты мұқтаж екеніне қарай қолдау көрсету қағидатына көшіп жатырмыз. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл қағидат толық іске қосылады. Қазір ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, бүгінде көпбалалы отбасы бай болсын, кедей болсын, мемлекеттен бірдей қолдау алады. Біздіңше, бұл әділетсіз. Өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар бай, ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауға тиіс. Олар өз күшіне сенуі керек", – деді Бектенов.

Премьердің сөзінше, мемлекет өмірлік жағдайына байланысты өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға ғана қолдау көрсетуге тиіс және солай болады.

"Бірақ адам мемлекет көрсететін көмекті үнемі алып, соның есебінен өмір сүруге болатын тұрақты табыс ретінде қабылдамауы керек. Олай емес. Бұл көмек адамның өз жолын тауып, өзін қамтамасыз ете бастауына және уақыт өте келе мұқтаждар санатынан шығуына серпін беруі қажет. Біздің ұстанымымыз осындай. Бұл да мемлекет қаражатын едәуір үнемдеп, оны анағұрлым маңызды мақсаттарға бағыттауға мүмкіндік береді. Тек 2027 жылдың өзінде 700 млрд теңге, ал үш жылда 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат үнемделеді. Осындай жұмыс жүргізіледі. Бюджет тапшылығын біртіндеп азайту бағытында жұмыс істейміз", – деп қосты премьер-министр.

Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге қанша қаражат бөлінгенін материалдан оқыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: