Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоздың мәлімдеуінше, тағдырдың сынына тап болған Аманжолға облыс әкімі жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізген.
Атап айтқанда:
Бірінші мәселе - зардап шеккен балаға протез дайындау. Бұл сұрақты облыс әкімі жеке бақылауға алған болатын. Медициналық ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, заманауи протез жасау бойынша келісімге келді. Сол кезде, баланың жағдайымен танысқан ұйым басшылары протезді ақысыз негізде дайындау жөнінде ниет білдірді. Бірақ, протезді шамамен 5-6 айдан кейін салуға болады екен. Ал, әзірше бүлдіршін дәрігерлердің жіті бақылауында болады.
Екінші мәселе - Аманжолдың отбасына қолдау көрсету. Балдырған облыстық балалар ауруханасының бақылауында үнемі болу керек. Оған қамқор болып, күтім жасайтын анасы да әрдайым қасында болатыны сөзсіз. Отбасы мүшелерінің бірі қалада, ал бірі ауылда қалып отыр.
Қорға жиналған қаражат көлемі пәтер сатып алуға жеткіліксіз екенін ескере отырып, қалған шығындарды өтеу бойынша облыс әкімі келесі шешім қабылдады.
Көпбалалы отбасыға қолайлы жағдай жасау мақсатында Ғали Есқалиев жергілікті құрылыс компаниясының қолдауымен, көпбалалы отбасыға жаңадан салынған үйден 3 бөлмелі пәтер табыстайтын болады. Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Жаңа үй Аманжол ем қабылдап жатқан аурухананың ауданында орналасқан, тұрғын үй жаздың соңында тапсырылады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы зардап шеккен балаға Алматылық жас кәсіпкер Айс Муратова қала орталығынан 2 бөлмелі пәтерді сыйға тартты деген қуанышты жаңалықты естіп жатырмыз. Қайырымды іс жасауға асыққан көңілі кең кәсіпкерлеріміз көп болғай. Нұрхат Жанбоз, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Сондай-ақ, облыс әкімі аппараты, басқа да мекемелердің қызметкерлері Аманжолдың отбасына бір күндік жалақыларын аударады.
Қосымша қажеттілік болған жағдайда, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі.