Бейбіт жиналыс кезіндегі полицейлердің іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулық әзірленді

ҚР Ішкі істер министрлігі бейбіт жиналыстар өткізу кезінде полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес,  полиция қызметкерлері нұсқама және тиісті жабдықтарды алғаннан кейін қызмет атқару орнына екі сағат бұрын келеді және күштер мен құралдарды орналастыру жоспарында көзделген қашықтықта орынның периметрі бойынша қойылады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі топтардың саны мен құрамы өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушылардың санына байланысты айқындалады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, полицияның басшы құрамы қатарынан топтың жетекшісі тағайындалады, ол бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты ЖАО өкілімен байланыс орнатады.

Бейбіт жиналыс өткізу кезінде қызметкерлер мына міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • бейбіт жиналысты өткізу орнына іргелес аумақта қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау камералары арқылы;

  • бейбіт жиналыс өткізілетін аудандағы кірме жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Полиция тобының жетекшісі тікелей жиналысқа қатысушылар арасындағы ЖАО өкілімен тұрақты байланыс ұстайды.

Іс-шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету барысында қызметкерлер міндетті:

  • полициядан топ жетекшісінің нұсқауы бойынша бейбіт жиналысты өткізу орнына дереу келуге;

  • бейбіт жиналысты өткізу орнында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын мас күйінде болған адамдарды алып кетуге;

  • құқық бұзушылық туралы хабарламаларға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да күтпеген мән-жайларға жедел ден қоюға;

  • бейбіт жиналысты ұйымдастырушылардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айырым белгілерін білуге.

    Қажет болған жағдайда бейбіт жиналысты өткізу кезеңінде қызметкерлер мынадай іс-шараларды орындайды:

    1. Бірнеше жерден (әрбір жағынан бір-бірден) өтпе жол қамтамасыз ете отырып арнайы орынды периметр бойынша турникеттермен қоршау, сондай-ақ шерулер мен демонстрациялар бағытындағы іргелес көшелерден және аулалардан кірме жолдарды бұғаттау.

    2. Бейбіт жиналысқа қатысушыларды техникалық құралдарды (стационарлық және қол металл детекторларын) пайдалана отырып, арнайы жерге кірген кезде тыйым салынған заттарды (суық, атыс және өзге де қаруды, жарылғыш заттарды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды, спирттік ішімдіктерді, шыны ыдыстағы сусындарды) алып жүру (тасымалдау) тұрғысынан тексеру.

    3. Шерулерге және демонстрациялар қатысушылардың жүру бағыты бойынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаяу немесе автомобиль көлігімен ілесіп жүру.

Саны 5 адамнан аспайтын пикеттеу өткізу жағдайында қоғамдық тәртіпті пен қауіпсіздікті сақтау жақын маңдағы полицияның патрульдік жасақшалырының күштерімен күштер мен құралдарды орналастыру жоспарын жасамай жүзеге асырады.

Бейбіт жиналыстар өткізу барысында қоғамдық тәртіп бұзылған кезде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген (өрт, дене жарақатын алу, суицидке әрекет жасау, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлар, көлік құралдарының басып кетуі және т.б.), халықтың тіршілік ету жағдайлары мен көліктің жұмыс істеуі, сондай-ақ қатысушылардың ЖАО мен прокуратура өкілдерінің жиналысты тоқтату туралы заңды талаптарын орындамаған жағдайларда, қызметкерлер келесі шараларды қабылдайды:

Жол берілмейді:

  1. Бейбіт жиналысты өткізу тәртібін бұзатын адамдарды, ЖАО өкілі бұзушылықты жою үшін жиналысты уақытша тоқтата тұрған кезде ұстауға.

  2. Журналистік куәлігі және айырым белгілері болған кезде БАҚ өкілдерінің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасауға;

    Жанжалдар немесе басқа да штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда кезекші бөлімге және полиция органының бастығына баяндайды.

    Құжат 22 шілдеге дейін қоғам боп талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: