Баланы құтқарып, өзі суға батып кеткен полицейдің видеосы Қазнетті дүрліктірді

Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар форма киген үш жігіт баланы арықтан құтқармақ болып жатқан видео таратып жатыр. Келісілген әрекеттердің арқасында бала жағаға шығып үлгергенімен, екеуін қатты ағыс алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жіберіліп жатқан видеоның астына автор қайғылы оқиғаның Жамбыл облысы Меркі ауылында болғанын атап өтеді.

Алайда облыстың төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Қырғызстанда болғанын түсіндірді.

24.kg басылымының хабарлауынша, 16 маусымда Ош облысында учаскелік полиция қызметкері Сыймық Мырзабеков Құрбан-Қара ауылындағы Савай каналына құлап кеткен.

Бұл суға түсу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық рейд кезінде орын алғаны нақтылануда.

Марқұмның үш әріптесі оны құтқармақ болған, бірақ учаскелік полицей суға батып кеткен.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды