Баян Мақсатқызы 2022 жыл өзі үшін жақсы жыл болып жатқаны туралы бөлісті.
Бұл мен үшін өте маңызды жыл болды. Немерем дүниеге келді. Отбасындағы зорлық-зомбылық туралы фильмім әлемді шарлап, жүлделер алып жатыр. Қазіргі күйеуіме қатысты әділдік орнады. Ал бүгін бұрынғы жұбайым Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылатыны белгілі болды, – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Продюсер бір ай бұрын бұрынғы жұбайының өтініші бойынша қолхат жазғанын жеткізді.
Бір ай бұрын өзінің өтініші бойынша мен «оның босатылуына қарсы емеспін» деп қол қойдым. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды, ол көп ұзамай босатылады. Мен өте қуаныштымын. Оған шын жүректен денсаулық пен бар жақсыны тілеймін Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерім үшін. Аллаға шүкір!Баян Мақсатқызы
Бұған дейін сот Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босатуға рұқсат бергені белгілі болған еді.
Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен сотталған Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды.Алматы облыстық соты
Еске салайық, 2016 жылдың 10 маусымында Баян Есентаева пышақ жарақатын және соққы алып, ауруханаға түскен еді. Қылмысқа күдікті Бақытбек Есентаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2016 жылдың 3 қарашасында сот Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
Баянның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы өтінішіне қарамастан Бақытбек Есентаев нағыз түрме жазасын алды.