"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, күндіз 16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал.
Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз аталған өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста екпіні 23 м/с жетеді. 16 шілдеде Петропавлда күн күркірейді, - дейді синоптиктер.
16 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде +35...+ 38°C қатты ыстық болады деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Оралда 16 шілдеде күндіз +35°C қатты ыстық болады деп күтіледі.
16 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 43 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз: +43°C "Қазгидромет" РМК
16-17 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде +41...+43°C шамасында қатты ыстық болады деп болжанады.
Түркістанда 16-17 шілдеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз қатты ыстық болады: +41...+40°C. Синоптиктер Шымкентте 16-17 шілдеде күндіз қатты ыстық болады деп болжайды.
16 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с құрайды. Сынап бағаны 37°C көрсетеді.
16 шілдеде күндіз Атырау облысында және Атырауда +35...+ 37°C қатты ыстық болады, облыстың оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі: +40°C. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады.