Отандық қант зауыттарының нарықтағы үлесі бір жыл бұрынғы 42,2%-ға қарсы 51,5% болды. Бірақ өндірістің өсуіне байланысты емес: керісінше, сектордағы өнім бір жылда 2% азайып, 64,6 мың тонна болды. Алайда осы кезеңдегі импорт бір жыл бұрынғы 90 мың тоннаға қарағанда үштен біріне, небәрі 60,8 мың тоннаға дейін қысқарды.
Қазақстан үшін негізгі қант жеткізушісі – Ресей. Биылғы жылы еліміз сектордағы импорттың жоғары үлесі мәселесіне тағы да тап болды. Ресей ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін қант экспортына тыйым салды.
Тиісті министрліктердің мәлімдемелеріндегі сәйкессіздік нарықтағы жалпы «қант дүрбелеңіне» әкелді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі бір-бірін жоққа шығарды немесе кінәні қазақстандықтардың өздеріне артты. Әкімдіктер де қанттың тапшылығынан зардап шегіп, өндірісті қысқартқан кәсіпкерлерді айыптап, абдырап, мәлімдемелер жасады. Қанттың қолжетімділігіне тікелей тәуелді салалардағы, мысалы, кондитер өнеркәсібіндегі (оның ішінде алпауыт «Лотте Рахат» АҚ) ірі компаниялар туралы әңгіме оғаш көрінді, – деп жазады Energyprom.kz.
Енді Қазақстанға құрақ немесе қызылша қантын және химиялық таза сахарозаны (зауыттардың қант өндіруге арналған шикізаты) импорттау жағдайы туралы толығырақ: төрт айда сектордағы импорттың жалпы көлемі 118,6 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23% аз.
Ресейден 60,5 мың тонна қант пен сахароза әкелінді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4% аз. Бұл ретте тікелей сәуірде тыйымды есепке алғанда, Қазақстанға Ресейден өткен жылдың сәуіріндегі 22,6 мың тоннаға қарағанда (яғни, 60 есеге дерлік аз) шамалы ғана 383,2 тонна өнім әкелінді.
Импорт бойынша Бразилия келесі орында: 4 айда 57,7 мың тонна әкелінді, өткен жылмен салыстырғанда 2,3% аз. Қазақстандағы қант пен сахароза импортының жалпы көлемінің 99,6%-ы Ресей мен Бразилияның үлесіне тиді.
Жалпы жағдайды құтқару шаралары шынымен де қабылданып жатыр. Осылайша ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезектен тыс отырысында Сауда және интеграция министрлігі ақ қант пен құрақ қантты Қазақстанға бажсыз әкелу квотасын 31 тамыз емес, 2022 жылдың 31 қазанына дейін ұзартты. Сонымен қатар Қазақстан ақ қант пен құрақ қантты бажсыз импорттау квотасының көлемін ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар үкімет ішкі қант нарығындағы жағдайды бес жылдық кезеңге тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар аясында қант қызылшасының алқаптарын ұлғайту, суару желілерін қайта құру және салу, қант зауыттарын жаңғырту, ішкі нарықты қорғау және салаға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында ең қымбат қант Алматыда (келісі үшін 537 теңге), одан кейін Қонаевта (526 теңге), Атырауда (512 теңге), Түркістанда (512 теңге) және Көкшетауда (504 теңге). Ал ең арзан қант Ақтөбе мен Петропавлда сатылды. Келісі сәйкесінше 440 теңге және 442 теңге.
Шымкент әкімдігі қала дүкендерінде қант бар деп сендірді және тұрғындарды негізсіз асығыс әрекеттерге бармауға шақырды.
Айта кетейік, 14 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қантқа қатысты жағдайға байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған еді.